Бірінші сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы
Биылғы жылдың 12 қыркүйегінде «Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге арналған психологиялық көмек» атты ата-аналар конференциясы өтті.
Биылғы жылдың 12 қыркүйегінде «Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге арналған психологиялық көмек» атты ата-аналар конференциясы өтті.

Мақсаты: балаларды мектепке бейімдеу туралы сұрақтар бойынша ата-аналарға психологоиялық-педогогикалық көмек көрсету.
Қазақ тілді бастауыш сынып жетекшісі Күшкімбаева Алмагул Рамазанқызы «1 сынып оқушылары ата-аналарымен психологиялық жұмыс» атты тақырыбын көтерді. Тақырып аясында балалардың мектепке бейімделу кезеңінде байқаған бақылауларын және олардың жанұяда алған тәрбиелері жайлы қозғады. Сонымен қатар балалардың мектепке келер алдындағы көңіл күйлері мен қандай пәндерге қызығушылықтары көп екенін айта кетті.
Мектеп психологі Фролова Юлия Викторовна «Бастапқы көмек, немесі бірінші сынып оқушысына қалай көмектесу керек» деп аталған тақырыппен шықты. Ата-аналарға үй жұмысын қалай орындау керек, кішкентай оқушының күн тәртібін қалай ұйымдастыру керек және бірінші сынып оқып жатқан баланың дамуына қандай жағдайлар жасау керек екені жайлы кеңестер берілді. Юлия Викторовна баланың бастапқы оқу жылы, оның болашақтағы оқуына үлкен септігін тигізеді деп атап өтті. Бұл кезеңде бала өміріндегі ең алғашқы маңызды қадамдарын бастайды, сондықтан жан-ұясының қолдауы улкен мәнге ие.
Ал психолог Астрелина Ирина Владимировна мектепке бейімделу кезеңін тек қана бірінші сынып оқушылары ғана емес, ата-аналарда сол бейімделу кезеңінен өтеді. Ол өз басынан өткен тәжірибесімен бөлісті. Әр қозғалған тақырып ата-аналар үшін өте қызықты болды. Ол конференция барысында байқалды.
Конференция соңында мектеп директоры Ирина Константиновна ата-аналарға сәттілік тілеп, балаларға әрқашан уақыт таба біліндер деп айтты. Өйткені оқушының өзіне сенімді болуы үшін, жанұясының қолдауына өте маңызды.

Комментариев нет
Просмотров: 585