Меню KDT

Республикалық балалар оқулары


Бүгін, қыркүйектің 29 күні Смирнов №1 орта мектебінде Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты– балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Байқауға аудан мектептерінен 3-10 сыныптар арасынан 35 оқушы қатысты. Біздің мектептен 3-4 сыныптар арасынан 2 оқушы Бақтиярқызы Айша және Айару қатысты. Екі апалы-сіңілілер сертификатқа ие болды.
 ІІ кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыны анықтады. (3-4 сыныптан 1 оқушы, 5-6 сыныптан 1 оқушы, 7-8 сыныптан1 оқушы, 9-10 сыныптан 1 оқушы) Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы–І орынға, 2 оқушы– ІІ орынға, 3 оқушы– ІІІ орынға  ие болып,дәрежелі дипломдармен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
 
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Бимагамбетова Ж.О.
 

 


Комментариев нет
Просмотров: 157
Автор: b039skobilim
Сайт: www.b039.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.09.2022 в 09:44