Меню KDT

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Отандық ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ретте олар жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және әлеуметтік желілер пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар комментарийлерімен бірге жүреді. Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда. Мұндай фейктік мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін.



                                                                                                                                                                                                         

 


Комментариев нет
Просмотров: 252
Автор: b1432skobilim
Сайт: school31-sqo.edu.kz
Добавлено: 26.09.2022 в 17:35