Меню KDT

Республикалық балалар оқу байқауы


  Жас ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатында ұйымдастырылған республикалық балалар оқу байқауына мектебімізден жеті жеткіншек қатысты. Қазақ және шетел әдебиеті ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен шарадан біздің оқушыларымыздың қоржыны жүлделі орындарға толып қайтты. Атап айтар болсақ, «Ертегілер әлемінде» номинациясында бақ сынаған бастауыш сынып оқушысы Баяхмет Мадина І орын ал, 3-сынып оқушысы Эркеұлан Інжу Алғыс хатпен марапатталды. «Кел, балалар, оқылық!» номинациясына қатысқан 5-сынып оқушысы Амантай Айша ІІІ орын, ал 6-сыныптың шәкірті Мұхаметғали Арлан Алғыс хат алды. Сондай ақ, «Ғасырлар тарихы жырлайды» номинациясының үміткерлері Ермек Жансая мен Әміреқұл Сымбатқа да бұл байқаудан ІІІ орын бұйырды. Ал 8-сынып оқушысы Ташкенбай Дана ІІ орынды иеленді. «Ұлы Дала жырлайды» номинациясының қатысушысы 9-сынып оқушысы Рүстемқызы Кәусар да жеңіипаздардың қатарынан көрініп, ІІІ орын иегері атанды. Жүлдегер шәкірттерімізді бұл байқауға үкілі үмітпен дайындаған ұстаздарға да алғыс білдіргіміз келеді.

      


Комментариев нет
Просмотров: 146
Автор: b146skobilim
Сайт: mektep6.kz
Добавлено: 27.09.2022 в 17:13