
"Жаңа кітаптар галереясы"
2022 жылдың 26 қыркүйегінде "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары 1-11 сынып оқушыларына "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Жаңа кітаптар галереясы" атты жаңа көркем әдебиеттер бойынша кітап көрмесін ұсынды.
Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Кітапханада жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Жаңа кітаптар галереясы» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. «Білімнің қайнар бұлағы», «Сиқырлы ғажайып әлем», «Балаларға базарлық» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.
Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.
Комментариев нет
Просмотров: 121