Меню KDT

Мұғалімдер күні және Халықаралық қарттар күніне арналған сынып сағаты


2022 жылғы 26-29.09 аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де балаларды мұғалімнің еңбегіне, қарт адамдарға құрметпен қарауға, балалар, қарттар мен педагогтар арасындағы достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, жас ұрпақта аға ұрпаққа деген сүйіспеншілік, қамқорлық, құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында 1-11- х сыныптарда мұғалімдер күніне және Халықаралық қарттар күніне арналған сынып сағаттары өтті. Балалар түрлі елдерде қарттар күнін атап өту туралы қызықты деректерді, осы мерекенің біздің елде пайда болу тарихын білді, сондай-ақ отбасылық фотосуреттер негізінде өздерінің ата-әжелері туралы айтты. Оқушылар мұғалімдерге ризашылықтарын білдірді. Мұғалімдер мамандығының өкілдері туралы көптеген жақсы сөздер айтылды. Алғыс, құрмет, ризашылық сөздерімен мұғалімдердің еңбегі атап өтілді.

фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 137
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.09.2022 в 17:15