
А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай дөңгелек үстел
Ағымды жылдың 28 қыркүйегінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ жоспарына сейкес Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 орта мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің семинары өтті. Семинар екі бөлімнен болды. Оған облысымыздың 25 астам қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Бірінші бөлімде Абилова Ж.Ж. «Зерттеушілік – жаңашыл идея бастамасы» тақырыбында «Lesson Study» сабақ үстіндегі зерттеу бойынша облыстық зертхана мүшелерімен ой бөлісті. Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, ұстаз тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз екенін тұжырымдады. Екінші бөлімде «Ұлтын ұлықтаған тұлға» Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына оқушылармен дөңгелек үстел және әдеби кеш өтті. Мақсаты: Жас ұрпаққа ана тілі тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Мектебіміздің оқушылары тіл жанашыры, ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын өнеге тұтып, өз көкейлерінде тілге деген мақтаныш сезімдерін білдіре алды.