
«Болашақ-бұл сен!»
«Рухани жаңғыру», Балалар жылы бағдарламасын іске асыру аясында «Прагматизм білімге табыну, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы» бағыты, «Еңбек елдің мұраты»арнайы жобасы аясында 2022 жылдың 4 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ профориентаторы Шериязданова А.А. 8, 9 сынып оқушыларына «Болашақ-бұл сен!» кәсіптік бағдар бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ТЧЭ-9 Жаңа-есіл локомотив пайдалану депосына экскурсия ұйымдастырды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік сектор басшысы К.А. Мухтарова оқушыларды осы кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Өз сөзін ұйым туралы бастады, бұл біздің станциямыздағы әртүрлі мамандықтағы адамдар жұмыс істейтін ең көне теміржол ұйымы екенін атап өтті.
Карина Арсеновна оқушыларға депода жұмыс қалай жүргізілетінін, л/б келуге (жұмысқа ) қалай шақырылатынын, ПТОЛ цехына локомотивтің қалай әкелінетінін, электровоздың өзімен таныстыра отырып, электровозбен жөндеу жұмыстары қалай жүргізілетінін айтып, сигнал белгілерін көрсетті және теміржол өткелдері бойынша қауіпсіз өтумен таныстырды. Экскурсия соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ әкімшілігі ТЧЭ-9 Жаңа-есіл локомотив пайдалану депосының басшылығына, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік сектор басшысы К.А. Мухтароваға біздің оқушыларға ұйымдастырылған экскурсия үшін алғыс білдіреді.
https://www.facebook.com/100023242260306/videos/1772362239786842
Комментариев нет
Просмотров: 166