
«Қазақ тілін оқытудағы жағдайлар» атты дөңгелек үстел
2022 жылдың 4 қазанында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының СҚ филиалы мен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бірлесе отырып облыс мұғалімдерімен «Қазақ тілін оқытудағы жағдайлар» атты дөңгелек үстел өтті. Облыстың балабақша, мектеп, колледж, университет және ересек тұрғындарына сабақ беретін мұғалімдер, тіл жанашырлары, қоғам белсенділері, онлайн форматта барлық аудандардан өкілдер қатысады (барлығы 150 адам) қатысты.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты.Мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру.
Отырыс барысында әріптестермен қазақ тілін дамытудың тиімді жолдары бойынша пікір алмасып, ұтымды түйін жасалды.Ұстаздардың қазақ тілін дұрыс, заман талабына сай меңгеріп шығуы үшін жасалған барлық әдіс-тәсілдер орынды. Қазақ тілін дамытуда және өз шәкірттерінің мемлекеттік тілді тереңінен біліп шығуына өз үлестерін қосатынын атап өтті.