Меню KDT

"Кітапханаға кітап сыйла"


2022 жылдың 4 қазанында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханасында 1-11 сынып оқушылары арасында оқу жылы бойы жалғасатын "Кітапханаға кітап сыйла" атты акциясы басталды.

Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауым да, жастар да қызу қуаттайды. Осы орайда басты мақсат адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі - Кітаптың құдіретін таныту.

Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын жыл сайын ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндағы мақсат – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту.


Комментариев нет
Просмотров: 147
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 04.10.2022 в 15:33