
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздарды мақтаныш етеміз.
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
1996 жылы облысымызда алғашқы болып қазақ мектебі ашылды. Осы мектептің алғашқы директоры болған ұлағатты ұстазымыз Ахметова Адия Искаковнаны шын жүректен келе жатқан ұстаздар және қарттар күнімен құттықтаймыз!





Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік! - дей отыра құрметті ұстаздар сіздерді "Мектеп Парламент" мүшелері мен "Жас Ұлан" ұйымы оқушылары атынан шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Ұстаздар күніне орай республика бойынша “Ұстазыңды құттықта” акциясына мектебіміздің 1 “ә” сынып оқушылары қатысып, өз ұстаздарына тілектерін білдіріп, құттықтады.
Ұстаздар күніне орай республика бойынша “Ұстазыңды құттықта” акциясына мектебіміздің 1 “ә” сынып оқушылары қатысып, өз ұстаздарына тілектерін білдіріп, құттықтады.
Комментариев нет
Просмотров: 57