Меню KDT

1-Қазан - қарттар күні мерекесі құтты болсын!


1-Қазан - қарттар күні мерекесі құтты болсын!
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың мектебіміздің, шәкірттеріңіздің өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

ҒАЛИ ОРМАНОВ АТЫНДАҒЫ №7 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН, БҮГІНГІ КҮНІ БЕЙНЕТІНІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРІП ОТЫРҒАН АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАП “МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ” МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ЕСТЕЛІК ӘҢГІМЕЛЕРІН АЙТЫП, РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ.
БАРЛЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Комментариев нет
Просмотров: 52
Автор: 7mektep
Сайт: www.7.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.10.2022 в 15:33