
Оқушылар "Қарттар үйіне" барды
“1 қазан - қарттар күніне” орай №7 мектеп-гимназия оқушылары 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Астана қаласы Көктал шағын ауданында орналасқан “Қарттар үйіне” барып, қарттармен кездесті.
Басты мақсат — бүлдіршіндерді жастайынан үлкенді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аталған шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагынбаева Дидар Оралбекқызы мен аға-тәлімгер Абдыкадырова Ақжарқын Наушабекқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды, шараға “Мектеп Парламентінің” оқушылары атсалысты. Қарттарға мерекелік бағдарлама ұсынып, сыйлықтарын табыс етті.
Шара соңында оқушылар қауымы қариялармен естелік суретке түсіп, ата-әжелердің батасын алды.
Комментариев нет
Просмотров: 64