
Қыркүйектің отызы күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектепте «Дублер күні» өтті.
Бұл күні 11-сынып оқушылары таңғы сағат 8.00- ден бастап, мектеп ұстаздарын ерекше құрметпен қарсы алудан бастады.
Қыркүйектің отызы күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектепте «Дублер күні» өтті. Бұл күні 11-сынып оқушылары таңғы сағат 8.00- ден бастап, мектеп ұстаздарын ерекше құрметпен қарсы алудан бастады. Ұстаздарына деген құттықтау қабырға газеттерін жасап, ашықхаттар сыйлады. Өздері мектеп ұстаздарының кейпіне еніп, қызықты сабақтарын өткізді. Әр оқушы өзіне берілген рөлді асқан жауапкершілікпен атқарды.
Сабақтарын аяқтағаннан кейін ұстаздарға арнап, тамаша концерт қойды. Концертте әуелете ән шырқалып, күй орындалды. Мектеп өмірінен қызықты көріністер қойылып, бейнеқұттықтаулар көрсетілді.
https://www.instagram.com/p/CjOG1LRNhji/
Комментариев нет
Просмотров: 104