
«Кім білім мен жарық нұр сыйлаған!» кітап көрмесі
«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында 2022 жылдың 01-06 қазан аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ мектеп кітапханасының меңгерушісі «Кім білім мен жарық нұр сыйлаған!» мұғалімдер күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. 5-11 сынып оқушыларының назарына лы педагогтардың еңбектері ұсынылды: А. Макаренко «Педагогикалық поэма», Паламарчук «Мектеп ойлауды үйретеді» Я.Корчак «Баланы қалай сүю керек», Ш. Амонашвили «Педагогикалық ізденіс», В.Сухомлинский «Тәрбие туралы». Сондай-ақ белгілі қазақстандық журналдар: «Білім», «Ашық мектеп», «Шығармашылық педагогика», «Сынып жетекшісі». Мұғалімнің еңбегі – адамзат жолындағы ерлік, мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, болашақ ұрпақты тәрбиелейді.
Комментариев нет
Просмотров: 126