Меню KDT

Мектеп парламентінің Президентін ұлықтау рәсімі


Өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын, мектептің қоғамдық өміріне қатысуға дайындығын қалыптастыру; оқушыларды бір-бірімен біріктіру, мектепте қолайлы достық жағдай жасау; борыш пен ұжымшылдық сезімін, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; балалар мен жасөспірімдерге өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 2022 ж. 06.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де  мектеп парламенті Президентінің ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп парламентінің Президентін сайлауға кандидатуралар қойылды: Капошко Виктория 10 «А» сыныбы, Елькина Анастасия

 9 «В» сыныбы, Нұртазина Ясмина 8 «Б» сыныбы. Сайлау қорытындысы бойынша 9«В» сыныбының оқушысы Елькина Анастасия мектеп парламентінің Президенті лауазымын атқаруға мүмкіндік алды, Анастасия 92 дауыс жинады. Мектеп парламентінің Президентін ұлықтауға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және мектеп парламентінің өкілдері қатысты.

фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 209
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 07.10.2022 в 08:55