Меню KDT

Мұғалімдер күні - мәртебелі мейрам

Ұстаз  - болашақтың  басшысын да данасы мен ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де қалыптастыратын құрметті мамандық  иесі.  Қазанның алғашқы жексенбісі - ұлағатты ұстаздар күні мерекесі. Ел ертеңін тізгіндер жас ұрпақты тәрбиелеуден жалықпаған мұғалімдер өздерінің төл мерекелерін атап өтуде. №48 мектеп-лицейде «Ұстаз, алдыңызда бас иеміз!» атты мерекелік салтанатты шарасы өтіп, еңбегі ерен ұстаздар марапатталды. Мектебіміздің директоры Ғани Бақытұлы Әметбеков ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. 


Ұстаз  - болашақтың  басшысын да данасы мен ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де қалыптастыратын құрметті мамандық  иесі.  Қазанның алғашқы жексенбісі - ұлағатты ұстаздар күні мерекесі. Ел ертеңін тізгіндер жас ұрпақты тәрбиелеуден жалықпаған мұғалімдер өздерінің төл мерекелерін атап өтуде. №48 мектеп-лицейде «Ұстаз, алдыңызда бас иеміз!» атты мерекелік салтанатты шарасы өтіп, еңбегі ерен ұстаздар марапатталды. Мектебіміздің директоры Ғани Бақытұлы Әметбеков ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Ұстаздар мерекесіне арналған бұл шарада мектебіміздің білікті мамандары  Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыевтың  Алғыс хатымен, «Алматы» ауданы әкімі М.Саматұлының Алғыс хатымен, «Аманат» партиясы «Алматы» ауданының атқарушы хатшысы И.Несен ұсынған Алғыс хатымен, «Әділет» кәсіподағының төрағасы Б. Әлиевтың грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Кез-келген марапат ұстаз мамандығының мәртебесін асырады. Кәсіби ізденісті ілгерлетіп, ынта-құлшынысын арттыратыны сөзсіз.




Комментариев нет
Просмотров: 92
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 01.10.2022 в 18:07