
"Жаңа Қазақстан "жас мамандар рөлі" тақырыбында шеберлік сыныбы
Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс-шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы осы үрдістен тыс қалған жоқ. Директордың оқу ісі меңгерушісі Искакова Д.С. ұйымдастыруымен 30 қыркүйек күні "Жаңа Қазақстан "жас мамандар рөлі" тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды
Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс-шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы осы үрдістен тыс қалған жоқ. Директордың оқу ісі меңгерушісі Искакова Д.С. ұйымдастыруымен 30 қыркүйек күні "Жаңа Қазақстан "жас мамандар рөлі" тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды . Мектептің 7 жас маманы " Менің пәнімнің ерекшелігі", "Менің педагогикалық шеберлігім", " Менің хоббиім" тақырыптарында өз шеберліктерін көрсетті. Жас мамандарға 20-25--30-35-40-45 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар тілектерін білдіріп, ақыл- кеңестерін ұсынды. Шеберлік сынып естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен қорытындыланды.