
"Ардагерім - ардағым" тақырыбында қарттар күніне орай мерекелік концерт өтті.
Бүгін, яғни 2022 жылдың 7 қазан күні мектебімізде "Ардагерім - ардағым" тақырыбында қарттар күніне орай мерекелік концерт өтті. «Қарты бардың — қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан, әрине, жалыққан емессіздер.













Комментариев нет
Просмотров: 75