«Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық семинар
2022 жылдың 03 қазан күні №64 мектеп-лицейде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері мен Республика көлеміндегі мектеп директорларының қатысуымен мектептің білім берудегі озық тәжірибесімен танысу және тарату мақсатында «Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Семинардың ашылуында мектеп директоры Бану Алимжановна мектептің білім берудегі жетістіктері мен шәкірт тәрбиелеуге бағытталған шығармашылық жобаларға тоқталып, мектеп өмірімен таныстырды. Шаралар жоспарына сәйкес мектептің озық тәжірибелі ұстаздары мен жас мамандарының үздік сабақтар топтамасына қатысқан семинар қонақтары химия, география, биология, физика, математика, информатика мұғалімдерінің оқыту тәжірибесімен, критериалды бағалау түрлерімен, белсенді әдіс-тәсілердің тиімді ұйымдастырылуымен танысып, өз пікірлерін ортаға салды, ұстаздардың еңбегіне алғыс білдірді.