Меню KDT

«Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық семинарда сабақты зерттеу жұмыстарына арналған «Мектептегі LESSON STUDY – мұғалімнің кәсіби зерттеу дағдысын дамытудың тиімді жолы» шебер сыныбы.


2022 жылдың 03 қазан күні №64 мектеп-лицейде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері мен Республика көлеміндегі мектеп директорларының қатысуымен  өткен  «Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық семинарда сабақты зерттеу жұмыстарына арналған «Мектептегі LESSON STUDY – мұғалімнің кәсіби зерттеу дағдысын дамытудың тиімді жолы» шебер сыныбы жүргізіліп, мектеп мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесі ортаға салынды. Шебер сынып барысында мектепте LESSON STUDY жүргізу кезеңдері мен зерттеу сұрағын анықтауға бағытталған практикалық тапсырмалар жүргізілді. Шараның соңында семинарға қатысқан мектеп басшылары  пікірлерімен бөлісті. Педагогикалық шеберлік орталығы тренері Ултанбаева Сара Еркиновна мектеп ұжымының игі шараларына кері байланыс беріп, алдағы істеріне табыс тіледі.


Комментариев нет
Просмотров: 59
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 03.10.2022 в 22:34