Меню KDT

Жол ережелері-сенімді ережелер» сынып сағаты


Балаларды жол жүру бөлігінде болған кезде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы өз білімдерін пайдалануға үйрету, сондай-ақ жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп»  КММ-де 2022 жылдың 03-07.10 аралығында 1-4 сынып оқушылары үшін «Жол ережелері-сенімді ережелер» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті. Сынып сағаты оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге, оқушылардың қала бойынша қозғалыс кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсініктерін қалыптастыруға арналған. Оқушыларға жолдардағы балалар жарақатын азайту үшін жол ережелерін сақтау дағдыларын үйрету. Зерттелген материалды бекітуде презентация, жұмбақтар, кроссворд көрсетілді. Практикалық жұмыс үшін оқушыларға қауіпсіздік тақырыбы бойынша жол белгілерін салу ұсынылды.

 фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 88
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.10.2022 в 17:59