Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі» сынып сағаты


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қабылдаудың 30 жылдығы шеңберінде, оқушыларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру мақсатында; оның мемлекеттік және қоғамдық маңыздылығын көрсету, жеке тұлғаның мемлекеттік рәміздерді қоғамдық құндылық ретінде қабылдауына ықпал ету, оқушылардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында, 1-4 сыныптарда «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де «Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы, рөлі мен маңызы туралы білді, сондай-ақ оқушылар Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі өз Туын, Елтаңбасын және Әнұранын табу екенін білді. Қазақстандық мемлекеттік рәміздер-бұл көркемдік бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеяларының хабаршылары.

фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 96
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.10.2022 в 18:14