
«Тұмау мен ЖРВИ алдын алу» сынып сағаты
Оқушыларда тұмау және ЖРВИ ауруының ауырлығы, тұмау мен ЖРВИ алдын алу, жеке гигиена дағдылары, өз денсаулығы үшін жауапкершілік сезімі және жақындары туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында 2022 ж. 10.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 1-11 сыныптарда «Тұмау және ЖРВИ алдын алу» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті. Әңгімелесу барысында көрнекі материалдар, презентациялар, мультфильмдер арқылы оқушылар тұмау вирусының құрылымы, оның таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы білді. Сондай-ақ, сынып сағаты барысында «Жас құтқарушы» мектеп клубының өкілдері мектептің медицина қызметкері Ж.К. Махинамен бірлесіп дайындаған тұмау мен ЖРВИ алдын алу бойынша ұсынымдар айтылып, ақпараттық стенд ресімделді.
фотоесеп
Комментариев нет
Просмотров: 107