
«Әдебиет әліппесі» оқуларының мектепішілік кезеңі
«Әдебиет әліппесі» оқуларының мектепішілік кезеңі
Мектебімізде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушыларына арналған қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мақсаты: мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайыс нәтижесінде І орын алған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.
«Өнер алды...» ертегіні мәнерлеп жатқа оқу номинациясы бойынша 3 «А» сынып оқушысы Ясин Рамазан (сынып жетекшісі Д.Е.Аханова);
«Ойлан тап» берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясы бойынша – 3 «Ә» сынып оқушысы Тарих Кәусар (сынып жетекшісі С.К. Рыскулова);
«Алтын сақа» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша 4 «Г» сынып оқушысы Аділбек Жанаділ (сынып жетекшісі С.Б. Исембаева);
«Ақжелкен» шығармашылық жұмыс номинациясы бойынша 4 «Ә» сынып оқушысы Жамбай Алан (сынып жетекшісі Ж.Мухамеджанова)
Комментариев нет
Просмотров: 75