
1-4 сынып оқушылары арасында Асыл сөз жобасының бірінші кезеңі өтті.
1-4 сыныптар оқушыларына халық ауыз әдебиетін насихаттайтын жобаның бірінші кезеңі өткізілді. Жоба барысында бала көптеген ертегілер оқып, мақал-мәтел, жұмбақ, өлең-жырлармен танысады. Ертегілерден жақсы мен жаманды ажыратып үйренеді, қиялы дамиды, жаңа дүниелер ойлап табуға ынтасы ашылады. Ең бастысы халық ауыз әдебиетін терең игерген балаларымыздың рухы көтеріліп, ана тіліне деген сүйіспеншілігі артады.
Комментариев нет
Просмотров: 88