2022 ж. 11.10 11 «А» сынып оқушыларының Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің өкілімен кездесуі
2022 ж. 11.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 11 «А» сынып оқушылары Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің өкілімен ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатысты. Түлектерге 4 жыл оқу мерзімімен «Бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білімнің кәсіптік бағдарламасы туралы ақпарат ұсынылды, онда студенттер жалпы білім беретін және бейіндік пәндерді де оқитын болады. Білім берудің мынадай салаларына жататын 25 білім беру бағдарламасы айтылды: әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қызметтер. Кездесу соңында түлектерге Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті туралы толық ақпараты, деректемелері және оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі бар буклеттер табыс етілді.
фотоесеп