Меню KDT

«Болашақ-бұл сен!»


«Рухани жаңғыру», Балалар жылы бағдарламасын іске асыру аясында «Прагматизм білімге табыну, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы» бағыты, «Еңбек елдің мұраты»арнайы жобасы аясында 2022 жылдың 17 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ профориентаторы Шериязданова А.А. 7-11 сынып оқушыларына «Болашақ-бұл сен!» іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру бұрышын ұйымдастырды.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.


Комментариев нет
Просмотров: 109
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 17.10.2022 в 15:02