
Республика күніне орай ашық тәрбие сағаты
Бүгін 12-ші қазан Республика күніне орай 3 Ә сыныбында «Туған жер-туған ел» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру; Отанын сүюге, рәміздерді , Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту, ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбие сағатында оқушылар Отан туралы, рәміздер туралы өз білімдерімен бөлісіп, мақал-мәтел викторинасымен сайысқа түсті. Тәрбие сағаты Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен мәресіне жетті.









Комментариев нет
Просмотров: 102