
«Зерде» ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі
Республикалық «Зерде» ғылыми-шығармашылық байқауының биылғы қалалық кезеңіне Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушылары белсене қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. Атап айтар болсақ, біздің еншімізге 9 жүлделі орын бұйырды және 8 ғылыми жұмыс арнайы номинация бойынша марапатқа ие болды. Бастауыш және орта буын оқушыларының ізденіс пен қажырлы еңбегінің арқасында байқау сарапшыларының жоғары бағасына ие болғаны бізді де қуантты. Соның ішінде, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларды атап өткенді жөн көріп отырмыз. Олар 4 "Ә" сынып оқушылар Баяхмет Мадина, Бесембина Амира және 6 "Б" сыныбының оқушылары Мұхамедғали Арлан және Қайырбай Ерасыл. Осы аталмыш сайысқа белсене қатысқан шәкірттеріміздің ұстаздарына алғыс білдіреміз.


Комментариев нет
Просмотров: 62