
«Жақсылық сабағы» сынып сағаты
2022 ж. 17.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де Республика күніне арналған, «Жаңашыр Жүрек» республикалық, халықтық акциясы аясында бір-біріне құрмет көрсетуді, адам өміріндегі шынайы достардың маңыздылығын қалыптастыру, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, айналасындағыларға, өзіне және табиғатқа мейірімді және құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 1, 5-сыныптарда «Жақсылық сабағы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушылар мұғаліммен бірге жақсылық пен құрмет туралы ойланды, топта жұмыс істеді, пікірталас жүргізді. Балалар мейірімділікке, қамқорлыққа, мейірімділікке байланысты тақырыпты талқылауға қуана қатысты. Оқушылар ата-аналарына, ата-әжелеріне, мұғалімдеріне, құрдастарына жасаған игі істерін еске алды.
фотоесеп