
«Біз табиғатпен доспыз, бізге қоқыс керек емес!» экологиялық викторина
Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акция аясында, Республика күніне орай «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ-де жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында 2022 ж. 17.10 6-сынып оқушылары арасында «Біз табиғатпен доспыз, бізге қоқыс керек емес» экологиялық викторинасы өткізілді. Викторина 4 байқаудан тұрды: жаттығу, «Мен қоршаған ортаны қорғаймын» плакаттар байқауы, «Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау» кластерін құру, «Жер планетасының экологиялық апаттарының себептері мен салдары» онлайн ойыны. Экологиялық викторинаның қорытындысы бойынша 6 «Б» және 6 «В» сыныптарының командалары бірдей ұпай жинап, 1 орынды, ал 6 «А» сыныптың командасы 2 орынды иеленді.
фотоесеп
Комментариев нет
Просмотров: 151