Меню KDT

«Менің елім - кеудемдегі жүрегім»

Белгілі тілші-ғалым, оқу-ағарту ісінің үздігі, ақын Қайрат Асылбекұлы Мамаділдің бүгін туған күніне орай А.Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінде «Менің елім - кеудемдегі жүрегім» атты поэзиялық еске алу кеші өтті.


Белгілі тілші-ғалым, оқу-ағарту ісінің үздігі, ақын Қайрат Асылбекұлы Мамаділдің бүгін туған күніне орай А.Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінде «Менің елім - кеудемдегі жүрегім» атты поэзиялық еске алу кеші өтті.
Кешімізге қонағымыз ЕҰУ-нің филология кафедрасының деканы Бейсенбай Ардақ Бақытұлы, ЕҰУ нің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Кемеңгер Қайырбек Ризабекұлы, Еуразия Гуманитарлық Институтының қазақ және орыс филология кафедрасы меңгерушісі, философия докторы, доцент Әлімбаев Аслан Есімханұлы, Еуразия Гуманитарлық Институтының қазақ және орыс филология кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Райнбекова Гүлмира, Еуразия Гуманитарлық Институтының қазақ және орыс филология кафедрасының аға оқытушысы Сұңқарбек Батанұлы және Қайрат ағаның жұбайы Маржангүл апай келді.
Қонақтарымыз оқушылармен сырласа отырып, адам еліне, ұлтына білімінен гөрі асыл мінезімен, таза ұжданымен қызмет еткен, тілдік сырын білуге құштар сансыз шәкірттерді тәрбиелеген ұстаз екені туралы айтты.
«Ұстаздан шәкірт озар» деген сөз бар. Шәкіртінің ұстаздан озып, оның жемісін көру ұстаз үшін үлкен қуаныш пен мәртебе. Дүниенің кезек екенін бәріміз жақсы білеміз. Ұстазынан озған шәкірті бұл ұстаздың берген білімінің жемісі. Қайрат ағаның шәкірттері келіп, өмірдегі ұстаздық жолы туралы паш ете отырып, оқушыларға өмір жолында қандай адам болғанын, жасаған жақсылығы, еңбектері туралы айтылды. Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын өлеңінде ғана емес өмір жолында үлкен азаматтықпен қорғай білген Қайрат Асылбекұлы Мамаділ мұралары ешқашан өлмейді. Қайрат ағаның еске алу кешін ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смагулова Назгүл Бекзанқызы өткізген іс- шара жоғарғы деңгейде өтті.




Комментариев нет
Просмотров: 162
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 18.10.2022 в 20:10