
5-7 сынып оқушылары арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2022» атты күзгі балл сайысы болып өтті.
2022 жылдың 17 қазанда №64 мектеп-лицейінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2022» атты күзгі балл сайысы болып өтті. Сайыс оқушылардың шығармашылық және өнерлерін ортаға салуға арналған бірнеше кезеңнен жоспарланып өткізілді. Сыныптағы ынтымақтастық орта құруға бағытталған іс -шара тартысты өтті.Сайыс барысында қатысушы оқушылардың әрқайсысының бойында мәдени және шығармашылық қабілеттері көрініс тапты. Өздерінің біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген оқушылар сайысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайыс соңы марапаттау рәсімімен аяқталды.
Комментариев нет
Просмотров: 112