Меню KDT

«Қарым-қатынастың құпиялары»






№27 мектеп-лицейінің әлеуметтік-педагогикалық қызметінің педагог-психологі М.Б.Имашева және әлеуметтік педагог Г.Е.Тлеубердинова 2022 жылғы 19 қазан айында 5 «Б» сынып оқушыларымен «Қарым-қатынастың құпиялары» атты тақырыпта тренинг өткізді

Тренингтің мақсаты: оқушыларға коммуникативті салада қиыншылықтарды жеңуге арналған жағдай жасау.

Міндеттері: оқушылардың позитивті қарым-қатынас дағдыларын үйрету;  ынтымақтастық дағдыларын дамыту, басқа адамды тыңдау мен есту қабілетін қалыптастыру; қарым-қатынас мәдениетіне және досына деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара  жағымды эмоциялар мен сезімдерді, коммуникативті қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға және адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Тренинг барысында пантомима, ойын жағдайлары сияқты  әр түрлі әдістер қолданылғандықтан оқушыларға сабақ барысы ұнады.

Тренингтің мазмұны оқушылдардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және  5 –ші сыныпта оқушылардың қарым-қатынас жасау, ойын дәлелдеу, өз пікірін қорғау және қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Тренинг эмоционалды жағынан қарағанда жоғары деңгейде өтті. Іс шара барысында оқушылардың команда болып жұмыс жасауы, өз ойларын тұжырымдау сияқты жақсы жақтары анықталды.


Комментариев нет
Просмотров: 263
Автор: 27mektep
Сайт: 27sl-astana.edu.kz
Добавлено: 20.10.2022 в 16:26