Меню KDT

Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты саптық жиын


Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі идеясын Отанға, өз халқына, өз тарихына деген сүйіспеншілік арқылы насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 21 қазанда «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де «Қыран елім - Қазақстан!», Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын аясында Мемлекеттік Гимнді жаппай орындау өткізілді. Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Саптық жиынның ақпараттық бөлігі аясында оқушылар мереке тарихымен танысты, еліміздің одан әрі тарихы үшін Республика күнінің маңыздылығы атап өтілді. Оқушыларға осы мерекенің пайда болуына қандай оқиғалар ықпал еткені айтылды, барлық уақытта халықтардың бірлігі Қазақстанның басты ұлттық идеясы, оның лайықты болашағының кепілі болғандығы және болып қала беретіні еске салынды. Салтанатты саптық жиын соңында 5 «В», 5 «Г» сынып оқушылары Қазақстан туралы өлеңдер оқыды.
фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 183
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 21.10.2022 в 17:33