Айыртау ауданында облыстық семинар
2022 жылғы 20 қазанда «Балалармен олардың құқықтарынжәне мүдделерін қорғауға, табысты бейімдеуге және әлеуметтендіруге бағытталған жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары өтті.

Интернаттық мекемелер мамандарының құзыреттілігін арттыру және жетім балаларды әлеуметтендіруге бағытталған заманауи тиімді технологиялар кешенін өзектендіру мақсатында 2022 жылғы 20 қазанда «Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де «Балалармен олардың құқықтарынжәне мүдделерін қорғауға, табысты бейімдеуге және әлеуметтендіруге бағытталған жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары өтті.

Семинарға жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтары қатысты.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша интернаттық мекемелер мамандарының қызметін жетілдіру үшін сындарлы ұсынымдар әзірленді.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 20.10.2022 в 12:51