2022 жылдың 21 қазанында ұлттық мереке Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Бүгін, 2022 жылдың 21 қазанында «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұжымында ұлттық мереке Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мерекенің тарихына үңілді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің №307-XII Жарлығымен Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларацияда Қазақ КСР-нің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері қабылданды.

Республика күні алғаш рет 1995 жылы қазанда ұлттық мереке болып жарияланды.

Мерекенің қайта жандануы Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 16 шілдеде өткен Ұлттық Құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы айтқан ұсынысымен байланысты.

Дөңгелек үстел аға буынның жастық шағын, ал жастардың мектептегі тарих сабағын еске түсіруіне көмектесті. Екі буынның диалогы ұжымның ортақ азаматтық ұстанымын көрсетті.