Меню KDT

КММ «№ 24 орта мектеп» «Менің Отаным - Қазақстан»


КММ «№ 24 орта мектеп»
«Менің Отаным - Қазақстан»

2022 жылдың 21 қазанында ММ «№24 орта мектеп» кітапханасында Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, қастерлеуге үйретіп, түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Туған жерден жыраққа  кетіп, қайта оралған сәтте адам үшін өз елінің тауы да, тасы да ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу екендігі жиын барысында көбірек айтылды. Ақпараттық сағаттың соңында кітап көрмесі де өтті. Онда «Мы народ Казахстана», «Моя планета – Казахстан» және тағы басқа журналдар мен кітаптар көрсетілді.


Комментариев нет
Просмотров: 224
Автор: b1420skobilim
Сайт: www.b1420.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.10.2022 в 16:17