
"Дос болайық бәріміз" тақырыбындағы тренинг-сабақ
"Мен мықты болсам - Қазақстан да мықты" атты психологиялық денсаулық онкүндігі аясында 6-сынып оқушыларымен "Дос болайық бәріміз" тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг-сабақтың мақсаты: адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу. Сынып ішіндегі бірлікті сақтай білуге үйрету.






Комментариев нет
Просмотров: 61