
«Күз ханшайымы»
«Алтын күз» мерекесіне орай 3-4 сыныптар арасында «Күз ханшайымы» атты сайыс өтті.
Бүгін 18.10 күні «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» қабырғасында «Алтын күз» мерекесіне орай 3-4 сыныптар арасында «Күз ханшайымы» атты сайыс өтті. Үш кезеңнен тұратын ханшайымдар сайысына 8 ару қатысты. Сайыс барысында қыздар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті. Сайыстың жеңімпазы - Абишева Ұлпан атанды. 2-ші және 3-ші жүлделі орындарды Сәбит Айзере мен Алибекова Анель иеленді. Бекназар Альфия, Казанцева Лаура, Билисбекова Аружан, Ербулат Жулдыз, Сабитова Томирис ерекше өнерлерімен көзге түсіп, түрлі номинациялармен марапатталды.
Комментариев нет
Просмотров: 56