Меню KDT

Қожаберген жырау Толыбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.


  Бүгін ержүрек батыр, қаһарман қолбасшы, дауылпаз жырау, әйгілі «Елім-ай» жырының авторы Қожаберген жырау Толыбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Аттың үстінде, түйенің қомында жүріп, Тәуелсіздік жолында аянбай күрескен ұлы тұлғаларды құрметтеу бүгінгі ұрпаққа парыз. Салтанатты шараны ұйымдастырудағы мақсат та осы. Бұл жиынға «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантай, өңірімізге белгілі өлкетанушы Ахметжан Қуантаев және мектебіміздің ардагер ұстаздары мен оқушылары қатысты. Мерейлі меймандар өз сөздерінде баһадүр бабамыздың ерен ерлігін және батырдың тағдыр талайына қатысты деректермен бөлісіп, Республика күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның маңызы жайлы айтып өтті. Олардың сөзін мектеп директоры Айнагүл Жұмабекқызы да қостады. Қожаберген ескерткішінің маңына жиылған салтанатты рәсім қонақтарына шәкірттер ақынның өлеңдерін жатқа айтып берді. Соныңда ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

          Возможно, это изображение 4 человека, люди стоят, памятник и на открытом воздухе   Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и на открытом воздухе

       Возможно, это изображение 5 человек, люди стоят и на открытом воздухе   Возможно, это изображение 9 человек, люди стоят и на открытом воздухе   Возможно, это изображение 15 человек, люди стоят, памятник, на открытом воздухе и текст «кожаберген жытрау»

        Возможно, это изображение 12 человек, люди стоят и на открытом воздухе  Возможно, это изображение 8 человек, люди стоят и небо  Возможно, это изображение 4 человека, люди стоят и на открытом воздухе



Комментариев нет
Просмотров: 80
Автор: b146skobilim
Сайт: mektep6.kz
Добавлено: 19.10.2022 в 16:35