Меню KDT

«Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен «Ауыл мектептердің әлеуетін дамыту» жобаларына қатысу


2022 жылдың 26 қазанында «Мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі» КММ-де «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен «Ауыл мектептердің әлеуетін дамыту» жобаларына қатысу мәселелерін талқылау бойынша отырыс өтті. Сондай-ақ «Тірек мектеп – магниттік мектеп», «Виртуалды мектеп – виртуалды мұғалім» республикалық жобалары талқыланды. Отырысқа тәжірибені беру және коммерцияландыру департаментінің аға менеджері Алма Ырғыбайқызы Дощанова, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ директоры Данияр Серікұлы Уәлиев, Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының бас маманы Исмағамбетова Мариям Маматовна, Петропавл қаласы «ПШО» КО филиалының директоры Тушинская Ольга Юрьевна, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Бектемиров Әлмұрат Қабдрашитұлы, әлеуметтік мәселелер жөніндегі Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Жантілеуова Жанна Қайыргелдіқызы, Уәлиханов аудандық білім бөлімінің басшысы Әубәкіров Айтқазы Әлімбайұлы, аудандық Білім бөлімінің мамандары және «Мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымы қатысты.

Кездесу барысында Тәжірибе беру және коммерцияландыру департаментінің аға менеджері Дошанова А.И. «Ауыл мектептердің әлеуетін дамыту» жобаның мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қызметін, болашақ мүмкіндіктерін таныстырды. Талқылау барысында осы жобаның әдістемелік қамтамасыз етілуіне басты назар аударылды.

Петропавл қаласындағы ЦУ «ПШО» филиалының директоры Тушинская О.Ю. мектеп мұғалімдерін курстық қолдау көрсету жоспарымен таныстырды, мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктерінің диагностикасын қорытындысын айтты.

Петропавл қаласы ДББҰ «НЗМ» директоры Уалиев Д.С. мұғалімдерді Петропавл қаласындағы «НЗМ» ДББҰ-да тағылымдамадан өту кезеңіндегі негізгі іс-шаралармен таныстырды.

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Бектемиров А.Қ. жоғарыда аталған жобалар туралы толық ақпарат берді. Олардың артықшылықтарымен, мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды. Педагогикалық ұжымды осы жобаларға белсене қатысуға шақырды. Қазіргі таңда жобаларды жүзеге асыру аясында дайындық жұмыстары жүргізілуін мәлімдеді.

Уалиханов аудандық Білім бөлімінің басшысы Әубәкіров А. өз тарапынан «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын табысты және тиімді жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Мектеп ұжымы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, курстарды өту мерзімі мен тәртібі және т.б.сұрақтарын қойды. Болашақта ынтымақтастықпен жұмыс жасауға тілектер айтылды.


Комментариев нет
Просмотров: 224
Автор: b122skobilim
Сайт: www.b122.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.10.2022 в 17:50