Меню KDT

“Жас Ұлан” қатарына оқушылар қабылданды


🇰🇿25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ🇰🇿
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
🇰🇿Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі. 🇰🇿Бүгін мектебімізде “ПАТРИОТИЗМ ДАУЫСЫ” тақырыбында жаппай мемлекеттік гимн айтылып, салтанатты жиында “Жас Ұлан” қатарына оқушылар қабылданды.


Комментариев нет
Просмотров: 131
Автор: b146skobilim
Сайт: mektep6.kz
Добавлено: 21.10.2022 в 17:30