
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның дәстүрлі қалалық кезеңі
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның дәстүрлі қалалық кезеңі биыл қазан айының 19-20 күндері өтті. Сайысқа Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің үміткерлері 14 зерттеу жұмыстарын ұсынды. Ғылыми жобаның 10-ы жүлделі орындарға ие болғанын сүйіншілегіміз келеді. Атап айтар болсақ, 11-сынып оқушылары қазақ әдебиеті бағыты бойынша Марат Батырхан мен Мейрам Карина, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша Садуақасова Маржан 1-орынды еншіледі. Қазақ тілі, ағылшын тілі және этномәдениеттану бағыттары бойынша мына оқушылар жеңімпаздар қатарынан көрінді: Қабиден Айнұр, Айбарұлы Асылхан, Бейсенбаева Нұрай. Қолданбалы математика бағыты бойынша да жүлдеміз қомақты. Есеналды Нұржан 2-орынға ие болды. Ал, математика бағыты бойынша 9-сынып оқушылары Шамшуменова Мадина, физика бағыты бойынша Билисбекова Камиля да 2-орынды еншіледі. Экономика және орыс тілінен Устемирова Нұрай және Сырымбет Арайна 3 орынды жеңіп алды. Бәсекелі додаға оқушыларымызды дайындаған ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттеріміз облыстық кезеңде де үмітімізді ақтайды деген сенімдеміз. Ғылыми жоба байқауының екінші кезеңіне жеті үміткер жолдама алды.





Комментариев нет
Просмотров: 96