
«25 – қазан Республика күні» атты ашық тәрбие сағаты
4 «Б» сыныбының ұстазы Саулембекова Айғаным Оразовна 22 қазан күні «25 – қазан Республика күні» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысын оқушылар Әнұранмен бастап, «Туған ел», «Туған жер» әндерін шырқап, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, бойындағы туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын танытты. «Республика күні» ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында Ұлттық мереке ретінде аталып өтетінін, Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің Рәміздерінің қасиетті белгілерінің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керегін бойларына дарыта білді.
Комментариев нет
Просмотров: 406