Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы
Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің делегациясы «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің делегациясы «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» атты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференцияға 1300-ден астам қазақстандық оқытушылар мен ғалымдар, сонымен қатар Финляндия, Ұлыбритания, Корея, Эстония, Ресей, Сингапур, Нидерланды, Жапония, АҚШ, Австралия, Португалия, Испания, Мальта, Болгария елдерінен белгілі педагогтер қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Астана форумының фокусында ақпараттық қоғам контексіндегі функционалдық сауаттылық, жас мұғалімнің кәсіби дамуы, қалыптастырушы бағалаудағы инновациялар, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, инклюзивті және дербестендірілген оқыту, цифрлық оқытушының миссиясы және білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу сияқты жаһандық педагогикада сұранысқа ие басымдықтар, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар болды.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 24.10.2022 в 09:41