Меню KDT

Мамандық таңдау, болашаққа бағдар!

     



Қарттарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу аясында "№26 мектеп-балабақша" КММ 10-11 сынып оқушылары үшін "Мамандық таңдау, болашаққа бағдар!" атты диалог алаңы өткізілді.
Алаңға жоғары медициналық колледждің өкілдері Бейсенбекова Гүлнар Таутайқызы - оқытушы шақырылды, зейнеткерлікке шыққанға дейін директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Жағпарова Айтжамал Ахметовна - орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
"Мұғалім" мамандығы туралы Халық ағарту ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі Айтмұханова Қалиша Жексенбайқызы,ал мектептің бухгалтері Волкова Татьяна Владимировна өз мамандығының қыр-сырымен бөлісті.
Шақырылған қонақтардың әңгімелерімен қатар, балалар ойын ойнап, осы іс-шараның пайдасын бағалай алды.





Теги:  №26 мектеп-балабақша, Мамандық таңдау, болашаққа бағдар!

Комментариев нет
Просмотров: 133
Автор: b1421skobilim
Сайт: school26sko.edu.kz
Добавлено: 18.10.2022 в 22:16