Астана қаласы Алматы ауданының мектеп оқушылары арасында «ШАХМАТ ӘЛЕМІ» командалық турнирі болып өтті
Жақында Астана қаласы Алматы ауданының мектеп оқушылары арасында 25 қазан - Республикасы күніне орай шахматтан «ШАХМАТ ӘЛЕМІ» командалық турнирі болып өтті. Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы және Астана қаласы әкімдігінің 73 мектеп-лицей ұжымы.

Мақсаты мен міндеттері:
- Астана қаласының мектептерінде шахмат ойынын дамыту
- Салауатты өмір салтын насихаттау
- Спорттық шеберлік деңгейін көтеру
Ереже бойынша команда құрамы үш ойыншыдан, ағни 1 бастауыш сынып, 1 орта сынып, 1 жоғарғы сынып оқушысынан жасақталды.
Мектебіміздің атынан келесі оқушылар шахмат турнирына белсенді қатысып мол тәжірибе алды:
9 «Д» сынып оқушысы Адильбеков Мажит
5 «А» сынып оқушысы Шахмұрат Мансұр
2 «В» сынып оқушысы Булат Али
Турнир ФИДЕ ережесіне сәйкес швейцариялық жүйе бойынша өтті. Жарысқа Алматы ауданынан 14 мектеп құрама командасы қатысып 7 тур ойын ойнатылды.
Мектеп намысын қорғаған оқушылар мен шахмат үйірмесінің жетекшісі С.І.Исаев арнайы сертификаттармен марапатталды.
Аталған турнир өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды деп есептейміз.
Мектеп басшылығы жарысқа қатысушы оқушылардың сынып жетекшілері мен ата-аналарына қолдау көрсеткендері үшін зор алғыс білдіреді.