
«Сыбайлас жемқорлықсыз әлем!» челленджі
«Адал Ұрпақ» мектеп ерікті клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 8-9 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем!» челленджі өтті. Бейнероликте балалар шығармашылық нысанда сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әртүрлі жақтарына әсер етуінің жағымсыз салдарын көрсетті, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысқа қатысты өздерінің азаматтық-құқықтық ұстанымдарын білдірді. «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін!», «Сыбайлас жемқорлық туралы білсең – хабарла!», «Қабырғаны бұзайық! Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз!» ұрандары бар үгіт-насихат плакаттары челленджге қатысушылардың ұстанымын көрсетіп, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының кез келген түріне жол бермеуге ұмтылғанын куәландырады.
видеоесеп
Комментариев нет
Просмотров: 125